Еліміздің батыс өлкесіне үсік келе жатыр

780b7ba0da2a26be0e5169cd530754cc1ec5a923 article Жаңалықтар

Atr.kz/23 қыркүйек, 2019 жыл.  Синоптиктер 24-26 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ерекше ыстықтан кейін суық фронттардың әсерінен қыркүйекке тән ауа райы келеді. Арктикалық суық фронттардың ықпалынан республиканың орталығында және шығысында жаңбыр жауып, күшті екпінді жел тұрады. Ауа температурасы түнде минус 3°С дейін төмендейді. Ал, батыс және солтүстік облыстарда суық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. Алдағы үш тәулікте мұнда жауын-шашын болады. Түнгі және күндізгі уақытта тұман түсіп, үсік жүреді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз