Қазақстандықтар автокөлік сатып алудан рекорд орнатты

87 3 Жаңалықтар

Аtr.kz/15 мамыр, 2019 жыл. Қазақстандықтар өткен сәуір айында 52 млрд теңгеге 5,5 мың автокөлік сатып алып, көлік саудасы жағынан 2016 жылдан бергі рекордты жаңартты , деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазавтоөндіріске» сілтеме жасап.

«Қазақстан экономикасының өсім қарқыны 4 пайыздық деңгейді сақтауда. Валюта бағамы тұрақты. Осы факторлардың арқасында 2016 жылдан бері жаңармаған рекордтың сеңі бұзылып, бір айдың ішінде 52 млрд теңгеге 5,5 мың автокөлік сатып алынды. Сатылып алынған көліктердің 58,6 пайызы отандық өндіріске тиесілі. Жеңілдетілген автонесие бойынша мемлекеттік бағдарламаның арқасында бәлкім бұл рекордтық көрсеткіш қайтадан мамыр айында жаңаратын секілді», – дейді Қазавтоөндіріс» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағының директорлар кеңесінің төрағасы Олег Алферов.

Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында еліміздегі ресми диллерлер 18 838 көлік сатып, өткен жылдың тиісті мерзіміне қарағанда 20,5 пайыздық өсімге қол жеткізген. Есеп беріліп отырған кезеңде ел тұрғындары темір тұлпар міну үшін 172,8 млрд теңге ($456,7 млн) жұмсапты (2018 жылдың тиісті көрсеткішінен 41,3 пайызға артық).

«Осы аралықта 10 449 сатып алушы қазақстандық автозауыттан шыққан көліктерді таңдаған. Ал 8 389 көлік импортқа тиесілі. Сонымен бірге, сәуір айында қазақстандық автоөндіріс нарықтың 58,6 пайыздық үлесіне ие болып, рекорд көрсетті», – дейді Олег Алферов. 2019 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша, қазақстандықтардың сұранысына ие көлік брендтерінің төрттігін Lada бастап тұр.

4 айда аталмыш маркамен 4 743 көлік саудаланған. Toyota модельді сатылған көліктердің саны 4 115. Үшінші позиция 3 450 данасы сатылған Hyundai маркасының еншісінде. Үздік бестік KIA (1 259) мен GAZ (682) түйіндейді. Ал TOP-10 көшіне сонымен бірге Renault (643), Nissan (611), UAZ (546), Lexus (496) және Volkswagen (480) енген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз