64 жастағы күзетші жұмыстасымен жанжалдасып, ауыр дене жарақатын салды

1 18 Жаңалықтар

Атырауда 64 жастағы күзетші жұмыстасымен жанжалдасып, ауыр дене жарақатын салған.

1

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 64 жастағы күзетші өзінің әріптесіне қасақана ауыр дене жарақатын келтіргені үшін, яғни Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылды.

Іс құжаттарына сәйкес, У. өзара келіспеушілік кезінде жұмыстасының ішіне бір рет пышақпен соққы жасаған. Соның салдарынан жәбірленушінің іш қуысына жарақат келтірілген.

Жәбірленуші сотталушының шын жүректен өкінгенін және жасын ескеріп, кешірім беріп, моральдық-материалдық залалдан бас тартты.

Сот үкімімен сотталушы У.-ға 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген.

Айдос Қарабала

Фото guns.ru сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз