Қашағандағы мұнай өндірісі тәулігіне 450 мың баррельге жетуі мүмкін

20171012205409 1 Жаңалықтар

Atr.kz/18 маусым, 2019 жыл. «Қашаған мұнай кен орнындағы нысандарды алғашқы күрделі жөндеу кезінде NCOC бірқатар жобаны іске асырды.

Әрі теңіз кешеніндегі газды айдау жүйесінің модификациясын өзгертті, кешендегі компрессорлар жаңғыртылды. Соның арқасында газ айдау көлемін арттыру және мұнай өндіру көлемін тәулігіне 400 мың баррельге жеткізу мүмкіндігі туды», – дейді «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» басқарушы директоры Ричард Хоув.

Оның айтуынша, алдағы уақытта газ айдайтын қосымша компрессор орнатылып, нысандардың арасына қосымша құбырлар жатқызылады.

«Қазақстан үкіметі мақұлдаған осы шаралар мұнай өндіру көлемін тәулігіне 450 мың баррельге жеткізу мүмкіндігін береді», – дейді Р. Хоув.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз