ЖАТ ЖЕРДЕ ҚАЛҒАН ЖАУЫНГЕР

Сұм соғыс қаншама шаңыраққа ылаң салып, оларды жетім-жесір етпеді?! Менің атам Қабдол Ахметұлы да көппен бірге Отанын қорғауға аттанып, Витебск облысының Леозинский ауданы түбіндегі ұрыста ауыр жараланады. Ақыры жарақаты емдеуге келмей, атамыз сол күйінде көз жұмады.

 

Ол «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Жан жары Өзипа Қожаққызы бауырында қалған төрт баладан жиырмаға тарта немере-жиен, қырықтан астам шөбере сүйді. Ұрпақ қызығын көрген әжеміз 96 жасында өмірден өтті.

Біз Қабдолдай атадан өрген ұрпақ екенімізді қашан да мақтаныш етеміз!

Бақтыгүл ҚАБДОЛТЕГІ, Атырау қаласы.  

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз