Тұңғыш онлайн-фестиваль Атырауда өтеді

article 48036 Жаңалықтар

Адамның өз ойын қағаз бетіне түсіре білуі – үлкен өнер. Егер ол сіз үшін белгілі бір дәрежеде қиындық келтірсе онда ол олқылықтың орнын толтыру оңай. Маусым айының 26-сы күні Атырауда ақпараттық сауаттылыққа арналған тұңғыш онлайнфестиваль өтетіндіктен, сіздің де оған қатысуға толық мүмкіндігіңіз бар.

«Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің баспасөз клубына арнайы келіп, журналистермен кездесу өткізген Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің кафедра меңгерушісі Мәншүк Мұқашева бұл онлайнфестивальдің ерекшеліктері жайында әңгімеледі.

– Фестиваль тек қалам ұстаған журналистерге ғана емес, кітапхана қызметкерлері, педагогтар, бизнес өкілдері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, зейнеткерлер, студенттер мен жоғары сынып оқушыларына да арналған. Маусымның 26-сы күні таңертеңгі сағат 10-нан кешкі 19-ға дейін Zoom арқылы өтеді. Қатысамын деушілерге қош келдіңіз айтамыз! – деді онлайн-фестивальдің үйлестірушісі Мәншүк Мұқашева.

Осы шара барысында Атырауға іссапармен келген жерлесіміз, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов Мәншүк Тынышқалиқызының білім беру саласындағы үлкен еңбегін ескеріп, «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медалімен марапаттады.

Лиза ШАЙХАШҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз