«Сұлтан Палас» 5 банкеттен бас тартып, кей жұмысшыларын үйге қайтарып жатыр

banketnyj zal 20 Жаңалықтар

Atr.kz/18 наурыз, 2020 жыл.  «Мемлекет басшылығы тарапынан енгізілген індетке қарсы жедел шараларды бәріміз де қатаң сақтауымыз қажет» дейді «Сұлтан Палас» кешенінің құрылтайшысы Бауыржан Жолмұханов.

«Жабық ғимаратта жиналмау, көпшілік орындарға бармау, тазалық сақтау, тағысын тағы, орындауы күрделі міндеттер емес қой. Әрине, осы тұрғыда кәсіпкерлердің жағдайын түсінемін. Қазір мейрамхана, ойын-сауық орталықтары, кафе, өзге коммерциялық ұйымдарға бұрынғыдай көп адам бармайды. Осы себепті табыс көзі азаюда. Банкке төлейтін несиелер кешеуілдейді. Менің де төлейтін қарыздарым бар.

balmagambetov isatay 600x748olrlr
Бауыржан Жолмұханов

Бірақ, ол мемлекет қауіпсіздігі үшін керекті шара ғой. Мәселен, біздің «Сұлтан Палас» мейрамхана кешені бойынша мереке қарсаңында 5 тапсырысты шара өткізілмейтін болды. Фитнес зал, бассейніміз жұмысын тоқтатты. Бұл есепке салсақ, өте көп ақша. Қаражат банк алдындағы қарызымызды өтеуге мүмкіндік беретін. Ұжым мүшелері алдындағы міндетіміз де бар. Бірақ, әлемде аурудың бой бермей жатқанын, елде қажетті тәртіп алынғанын көре тұрып мәселеге көз жұма қарасақ не болар еді?!

Біз кейбір еңбеккерлерімізді уақытша жұмысынан босаттық. Барлық жағдайын жасаудамыз. Қажет болса, азық-түлігін апарып береміз. Басты қоятын талабымыз – үйлерінде, бала-шағаларының ортасында отыруы. Ол, әрбір ұжым осылайша әрекет етсе, тажалдың көбеюіне жол берілмейді деген ойдан туды.

Қазір Қытай аурудың ошағы болғанымен нақты шараларды жүзеге асырып, оның бетін қайтара бастады. Керісінше, Италия секілді елдер мәселеге жеңіл қарауынан қиындыққа ұшырауда. Сондықтан, кәсіпкерлер бүгінгі ахуалға түсініктікпен қарайды деп ойлаймын. Оның үстіне мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті қолдауға байланысты нақты көмек-қолдау жасалуда» деді  Бауыржан Жолмұханов бізге берген сұбатында.

Азамат БАЗАРБАЕВ

http://atr.kz/bez-rubriki/mamandar-қauipti-virustan-қorғanu-үshin-қoldy-қataң-tәrtippen-zhuuғa-keңes-beredi-video/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз