Қызылқоға ауданы Тасқұдық ауылында электр желілері жаңартылды

screenshot 9 Жаңалықтар

Бұл туралы Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мұқыр ауылдық округіне қарасты Тасқұдық елді мекенінің электр желілері 1970 жылдары орнатылған. Содан бері бағаналар, желілері жаңартылмауына байланысты ауа райының қолайсыз күндері жарық жиі өшетін. Осы мәселені шешу мақсатында аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі арқылы өткен жылы жасақталған жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, биыл облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары қараша айында аяқталды.

Жаңартылған электр желілерінің ұзындығы 2280 метр. Жоба аясында Тасқұдық елді мекенінде 91 дана бетон бағана қондырылып, 1650 метр 0,4 кВ әуе желісі, 630 метр 0,22 кВ әуе желісі СИП кабелідер тартылып, барлық үйге жаңадан тоқ есептегіш құралы орнатылды. Аудан бойынша электр желілерін жаңарту бағытында жұмыстар жалғасын табатын болады, деді аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ерболат Иғали.

Айта кетейік, аудан орталығы Миялыдан 185 шақырым қашықта орналасқан Тасқұдық елді мекенінде 35 үй, халық санымен алсақ 160-қа жуық тұрғын бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз