ҚҰРМАНҒАЗЫДА ӘУЕСҚОЙ БАЛЫҚ АУЛАУ НЫСАНЫ АШЫЛАДЫ

photo Жаңалықтар

Бұл туралы брифинг барысында Құрманғазы ауданының әкімі Марат Мурзиев мәлімдеді, деп хабарлайды atr.kz

– Кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қаржылай қолдауды да айрықша атап өткім келеді, – деді ол. – Барлығы 40 адамға 23,3 млн. теңге мемлекеттік грант және 4 бизнес субъектісіне 16,0 млн. теңге несие берілді. Бұл «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мүмкін болып отыр.

Биыл «Қиғаш» туристік базасы қайта жаңғыртылып, 150 млн. теңгенің инвестициясы салынды. Сондай-ақ, қосымша 0,3 гектар аумақта 80 млн. теңгенің әуесқой балық аулау орны ашылады. Сондай-ақ, жаңа логистикалық орталық ашу да жоспарда бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз