Қаланың экологиялық жағдайын жақсарту үшін 200-ге жуық қоқыс алаңы орнатылады

5645klm Жаңалықтар

Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи «Атырау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы» туралы брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінде қаладағы және елді мекендердегі тазалықты, экологиялық жағдайды жақсарту және санитариясын қамтамасыз ету мақсатында қойылатын 200 қоқыс алаңының 167-сі орнатылған.

-Қала тазалығы әр тұрғынның жауапкершілігінде. Алайда, біздің климаттық жағдайдан да, елді мекендердегі төрт түлік малдың жайылып жүріп, қоқыс алаңдарын шашып тастайтынын да байқаймыз. Осы мәселені шешу үшін қаладағы қоқыс алаңдарын жаңғырту жұмыстары белсенді түрде іске асуда. Бүгінде қала бойынша жаңадан 167 қоқыс алаңын орнаттық. Қалған жұмыстар келер жылы жалғасады,- деді М.Қалауи.

Сонымен қатар қала әкімі келесі жылдың аяғына дейін Атырау аумағындағы барлық қоқыс алаңдары жаңартылатынын жеткізді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз