«Nur Otan» партиясының үміткерлері атыраулық ардагер ұстаздың үйінде болып, алдағы стратегиямен бөлісті

131989090 3853558234694916 579662885483180960 n Жаңалықтар

Бүгін Атырау қалалық мәслихатына үміткерлердің бір тобы «Есіктен-есікке» акциясы аясында Атырау облысының құрметті азаматы, педагогика ғылымдарының докторы, еңбек ардагері Жайлы Өмірбековамен жүздесті.

Әділбек Зайдуллин, Ринат Ғилажев және Жеңіс Әбілқарестен құралған топ ең алдымен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, оның негізінде бес жыл көлемінде атқарылатын жұмыстарды атап өтті.

Үміткерлер әрқашан «Nur Otan»  партиясының негізгі басымдықтары мен оның құндылықтары адам, оның лайықты өмірі мен денсаулығы, әл-ауқаты болатынан айрықша атады.

Ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған Жайлы Бөкешқызы «Nur Otan» партиясының елдегі ең ірі партия екенін атап өтіп, елдің қоғамдық-саяси өмірінде маңызды рөлге ие екеніне тоқталды. Ол өткен күндерді еске алып, ірі саяси құрылымның алғашқы баспалдағы, Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен сол кезде «Отан» деген атпен құрылған партия, оның жұмысы туралы пікір білдірді. Аталған партия құрамында болып, білім саласындағы мәселелерді шешуге қатысқан Ж.Өмірбекова – қарапайым оқытушыдан бастап, университеттің проректоры, білім бөлімінің басшысы лауазымдарынан өткен сала ардагері. Ол өз сөзінде білім саласына қатысты атқарылған ауқымды жұмыстармен қатар, қазіргі проблемаларды сабақтастырды.

            – Қиын кезеңдер басталған 90-шы жылдары елде 320 мектеп жабылды. Осы кезде Атырау облысында облыс басшылығының қолдауының арқасында бірде-бір мектеп жұмысын тоқтатқан жоқ. Ол кезде білім беру бөлімінің бастығы ретінде мен және менің командам мұғалімдердің мәселелерін уақытында көтеріп, жеткізіп отырдық. Мұғалімдердің жалақылары  бүкіл ел бойынша кешіктірілген кезде, біздің облыс ондай қиындыққа кезіккен жоқ, еңбекақы уақытылы, толық төленіп отырды. Жалпы, сол кездерде білім беру саласында үлкен жұмыс жасалды. Ұлттық гимназия, ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия, қазақ-түрік лицейі, Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясы, барлық облыс орталықтарында гимназия мектептері ашылды» деп ой бөліскен сала ардагері қазіргі уақытта да білім саласын қолдау кең ауқымда жалғасып жатқанын жеткізді. Өз ойын онлайн оқудың кейбір түйткілді тұстарын саралаумен тәмамдаған Жайлы Бөкешқызы үміткерлерге сәттілік тілеп, «Nur Otan» партиясын қолдаушылар қатарында екенін жеткізді.

            Өз кезегінде кандидаттар «Nur Otan» партиясының бесжылдық бағдарламасында білім беру саласының назарға алынып, нақты іс-шаралар бекітілгенін айтып өтті. Аймақтың білім саласына қатысты проблемаларды шешу «Nur Otan» партиясының басым бағыттарының бірі санатында екенін жеткізді.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Атырау қаласының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

132012090 3853558708028202 4792997363711547761 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз