Еліміздегі ең ірі екі банк ақыры бірігетін болды

Жаңалықтар

«Қазкоммерцбанк» өзінің бақылау пакетін «Халық банкіне» сату туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы қаржы ұйымының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды КТК арнасы.

pogudx2jodpna4bqgg.ab0885ec

Маңызды құжатқа үкімет, Ұлттық банк, Халық банкі, Қазком және оның негізгі акционері Кеңес Рақышев қол қойған. Осылайша тараптар қос қаржы ұйымының қосылуына алғашқы қадам жасады.

Алайда нақты келіссөзге келу үшін құрдымға кеткен БТА банкінің «Қазком» алдындағы қарыздары толық өтелуі тиіс екен. Тек содан кейін ғана «Казком» мен «Халық банкі» өз активтерін біріктіру туралы келісім-шартқа отыра алады.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз