Динара ­– үздік экскурсия жүргізушісі

Динара ¬ үздік экскурсия жүргізушісі Жаңалықтар

Мемлекеттік музейлердің экскурсия жүргізушілері арасында «Үздік экскурсия жүргізушісі ­– 2017» облыстық байқауы өтті.

Динара ¬ үздік экскурсия жүргізушісі

Байқаудың мақсаты ­–музейге келушілермен жұмыс істеуде жаңа әдістер енгізу, экскурсия жүргізушілердің кәсіптік және шығармашылық бастамаларын ынталандыру және экскурсия жүргізушісі мамандығын насихаттау болды. Сайыста облыстық және аудандық музейлерден  12 қызметкер бақ сынады.

Олар алдымен өздері қызмет ететін музей туралы бейнеролик көрсетті. Ал, екінші кезеңде еркін тақырыпта экскурсия жүргізсе, үшінші кезеңде жеребе бойынша белгіленген тақырыптық тапсырмаларды орындады.

Байқау нәтижесі бойынша «2017 жылдың үздік экскурсоводы» атағына осы үш кезеңнен де жоғары ұпай жинаған облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері Динара Бисембаева ие болса, бірінші орынға Махамбет аудандық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері Айдана Мұрсалимова лайық деп танылды. Жүлделі екінші орынды «Хан Ордалы Сарайшық» мұражай қорығының экскурсоводы Жанар Диярова мен Ш.Сариев атындағы сәндік-қолданбалы өнер музейінің экскурсоводы Кәмшат Тоғаева өзара бөлісті.

Исатай, Индер және Қызылқоға аудандық тарихи-өлкетану музейлерінің экскурсоводтары Мөлдір Тұралиева, Зәуреш Оспанова, Нұржамал Рахметовалар үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Байқау жеңімпаздары мен өзге де қатысушыларға облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Алғыс хаттары мен ақшалай сыйлықтары табыс етілді.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз