Браконьерлер бұғалыққа бағынбауда

589960659e529bf43 Жаңалықтар

«Бекіре-2024» балық қорғау акциясы басталғалы бергі 20 күнде
табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 216 дерегі анықталды. Бұл туралы «Жайық-Каспий» облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы бөлім басшысының міндетін атқарушы Олег Тушканов хабарлады.

Есепті мерзімде браконьерлерлікке және қоры азайған, жоғалып кету
қаупінде тұрған балық түрлеріне заңсыз қол сұғушыларға қатысты 19 қылмыстық іс көтерілген. Басқалай да құқық бұзушылықтар бойынша айыпты деп танылған 160 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға салынған айыппұлдың жалпы
сомасы 5,9 млн. теңгені құраған.
Инпекция өкілінің айтуынша, акция шеңберінде жүргізілген шұғыл
шаралардың арқасында жалпы салмағы 3,5 тоннадан астам «су маржаны», оның
ішінде 800 келіге жуық бекіре тұқымдас балық, 3,5 келінің үстінде қара уылдырық,
23 бірлік аулау құралы мен 11 су көлігі тәркіленіпті. Сонымен қатар, осы кезеңде
өзен арнасы мен теңіз атырабындағы табиғи су қоймаларынан жалпы ұзындығы 258 шақырымды құрайтын 587 балық аулау құралы тәркіленіп, тиісті шарасы алынған.
Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз