Балабақша: ЖАҢА ЖОБАНЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ

klever kids 5 1024x768 1 Білім

Atr.kz / 17 шілде, 2020 жыл.  Бүгінгі таңда қашықтан оқыту жағдайында, педагогтарға көмек көрсету мақсатында Атырау облыстық білім басқармасы әдістемелік орталығының мамандары көптеген әдіс-тәжірибелер жобасын ойластырып, мұғалімдер мен мектепке дейінгі тәрбие саласының мамандарына көмектер ұйымдастыруда. Қалай болғанда да жас ұрпақ тәрбиесіне көзжұмбайлықпен қарауға болмайтыны түсінікті. Аталған орталықтың әдіскерлері бұрын-соңды тәжірибеде қолданылмаған тың жобаны ұсынды. Осындай қиын-қыстау кезеңде өздерінің білімі мен білігін елі мен жұртына пайда келтіру үшін жұмсап отырған аталған орталық қызметкерлерінің жаңа идеясын жұртшылықпен бөлісуге асыққанымыз рас.

 «Kún álemі» жүзеге аса бастады

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының да қазіргі таңда қашықтан жұмыс жасауға көшкені баршаға мәлім. Өйткені, ата-аналар мен педагогтар коронавирус кесапатынан ұрпақты сақтауды ең алдыңғы орынға қойып отырғаны түсінікті. Балабақша тәрбиешілерінің де қашықтан жұмыс жасаған кезде еңбекақы мәселесін шешу мақсатында «Kún álemi» деген жобаны жүзеге асыруға кірісіпті. Бұл бастаманың осылай аталуының үлкен мәні бар. «Күн» – бүкіл әлемге жарығын шашып тұрған үлкен ғаламшар. Бүкіл күн жүйесі ғаламшарларының өмірінде оның алатын орны айрықша. Сондықтан, аталған идея – келешек өміріміз нұрлы, жарық болсын деген тілектен туған символикалық атау.

Жоба аясында он аптаға сай тақырыптар алынған. Берілген тақырыпқа сәйкес әрбір мектепке дейінгі білім мен тәрбие беретін мекеме тәрбиешісі әлеуметтік желі арқылы өзінің жұмысын ұйымдастырады. Әрине, жасалған жұмыстардың бәрін Атырау облыстық білім басқармасы әдістемелік орталығының әлеуметтік желісіне сыйғызуы мүмкін емес. Ең сапалы жұмыстарды ғана әдістемелік орталықтың ә д і с к е р л е р і с а р а л а п , талдап, әлеуметтік желіге орналастырады. Аталған бастама аясында шығармашыл педагогтар әдіскерлер ойлағаннан да керемет жобаларды дүниеге әкеле алатынын уақыт дәлелдеп те отыр. Жұртшылық балабақша педагогтарының жұмысын б і л м е г е н д і к т е н , б а л а н ы балабақшаға апарумен ғана шектелетіні сөзсіз. Көпшілігі таңертеңнен кешке дейін балаларды ұйықтатып, тұрғызып отыратын мекеме деп қарайтыны да рас. Ал, осы идеялардың арқасында ата-ананың, баланың, тәрбиешінің, ұжым басшысының бала тәрбиесіне ерекше қызығушылығы байқалды.

Облыстық білім басқармасы ә д і с т е м е л і к о р т а л ы ғ ы басшысының орынбасары Орынт ай Бимано в аның айтуынша, шалғай аудандардан да телефон арқылы хабарласып, аталған жоба аясындағы өз жұмыстарын жіберіп отырған педагогтар өте көп көрінеді. Шығармашылық жұмыстарды ұсынған маманның біліктілігі мен өз қызметіне деген адалдығы, қызығушылығы да танылатыны түсінікті. Педагогтардың балалармен қалай жұмыс жасайтыны одан айқын көрініп тұрады. Мәселен, жобаның алғашқы тақырыбы «Денсаулық жолы» бағытында бірінші аптаны биылғы 22 маусымда бастаған екен. Аталған бағытта, осы кіші жоба аясында тәрбиешілер балаларға қашықтан танымдық бағыттағы денсаулық жөніндегі жұмыстарды қалай ұйымдастыра а л а т ы н ы н , б а л а б а қ ш а қабырғасында бала алдында отырғанда оған не бере алатынын, қандай жаңалықтармен таныстыра алатынын баршаға танытады. Бүкіл қолдағы материалдарды саралай отырып, қажет деп тапқан мәліметтердің бәрін топтастыра отырып, тәрбиеленушілерге көрнекі түрде бейнероликтер дайындап, жібереді.

Біліктілікті арттыру білім сапасын көтереді

«Сонау 2007 жылдан бері Елбасының бастамасымен педагог кадрларды компьютерлік сауаттылыққа дайындау курстары ұйымдастырыла бастаған еді. Мен сол кезде аталған курста оқыдым. «Екі саусағыңызбен бірдей жұмыс жасаңыз» деген кезде компьютерді қалай жақсы меңгеруге болады деп құлшынатын едік. Сол кездің бәрі артта қалды. Бірте-бірте ақпаратты-коммуникативтік технология деген әдістемені мұғалімдерге үйрете бастадық. Интернетпен қалай жұмыс жасау керек, өзге білім беру ресурстары мен қажетті ресурстарды қалай табу керек, немесе қай техниканы қалай қосқан дұрыс, түрлі-түрлі мұғалімнің күнделікті сабағына қажетті коммуникативтік құзыреттілігін көрсететін бағдарламаларды қалай меңгере алатынын үйрете бастадық. Бұны біз ақпаратты- коммуникативтік технология дедік. Қазіргі күннің талабы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы үш талап бойынша жүзеге асырылған. Ол мұғалімдерге ғана емес, бүкіл қазақстандықтарға қойылған талап.

Б і р і н ш і с і , ү ш т і л д і л і к , екіншісі, цифрлық Қазақстан және толеранттылық. Тәрбие тұжырымдамасы 2015 жылғы 20 сәуірде шыққан еді. Соның негізінде аталған тұжырымдама іске қосылған. Цифрлық Қазақстан жобасы жүзеге асты. Өйткені, педагогтар қазір өз бейнероликтерін өздері монтаждап, өздері жасап, әлеуметтік желіге салып отырады. Балаларға қызықты болуын нысанаға алғандықтан, комментарийлер арқылы ата- ананың, жалпы көпшіліктің аталған жұмыс туралы пікірін біліп отырамыз. Бұл жоба аясында жұмыс жасау – бүкіл тәрбиешілерге тапсырылған қызмет. Олар қазір жалақыларын босқа алып отырған жоқ» дейді Орынтай Биманова терең толғаныспен.

« K ú n á l emi » жо б а сы «Денсаулық жолы», «Менің сүйікті отбасым», «Жәндіктердің пайдасы», «Ертегілер әлемінде», «Менің сүйікті ойыншығым», «Гүлдер әлемінде», «Су асты әлемі», «Біз табиғатты қорғаймыз» , «Жол жүру ережесін сақтаймыз», «Ғажайып қылқалам» деген тақырыптар арқылы он аптаға жасақталған. Мәселен, «Аяла» бөбекжай бақшасының тәрбиеші с і Ақторғын Оспанқызы «Ертегілер әлемінде» тақырыбында тәрбие жұмысын бала қиялын дамыту арқылы жүргізе білген. Ұшқыр ойды дамыту мақсатында жұмбақ жасырылып, баланы қиялдауға үйрету үшін ертегі айтылады. Өз тәрбие жұмысын үш тілде амандасудан бастаған Атырау қаласы №30 «Жұмбақ» балабақшасының тәрбиешісі Бадэ Рамазанова әлеуметтік ж е л і д е б а л а л а р м е н ө т е қызықты танымдық жұмыстар жүргізгенінің куәсі болдық.

P.S.

Өте күрделі кезеңде өмір сүріп отырғанымыз жасырын емес. Иә, қалыпты өмір сүруге көшкен кезде бүкіл адамзаттық құндылықтар өзгеріске ұшырауы әбден мүмкін. Бүкіл әлем жұрты пандемиядан әуре-сарсаңға түскен уақытта білім саласы өз жұмысын жалғастыра білді. Бүкіл елдің баласын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан бастап, жалпы білім беретін мектептердің, колледждер мен университеттердің шәкірттерін қашықтан оқытуға көшу жүзеге асырылды. Біз бүгін Атырау облысындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қашықтан оқыту кезіндегі ұйымдастырған жұмысының бір парасын ғана сөз еттік. Қалай болғанда да жас ұрпақ білім мен тәрбие алып, елдің келешегіне өз үлесін қосатын, заманына сай сауатты да саналы, талапты да дарынды, қабілетті маман болып өсуі тиіс. Педагогтар қызметінің де түпкі мақсаты осында.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз