Атыраулық паратаеквондошы Нұрлан Домбаев халықаралық турнирден күміс медаль иеленді (+ФОТО)

nu 768x415 1 Жаңалықтар

Atr.kz/1-наурыз, 2019 жыл. Египеттің Хургада қаласында паратаеквондодан «Egypt Open – 2019» халықаралық турнирі өтті.

ta

Жуырда ғана Түркия елінде өткен Әлем чемпионатында жеңімпаз атанған жерлесіміз Нұрлан Домбаев осы жарыста күміс медальға ие болды. 

Чемпионымыз перғауындар елінде екі кездесу өткізіп, жартылай финалда Жапония елінің өкілінен басым түсті. Ал, ақтық сында әзірбайжандық қарсыласынан ұпай санымен  есе жіберіп алды.

nurik
nu
nur

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз