Атырауда тергеу изоляторына марихуана кіргізбек болған «сәлемдемеші» анықталды

1 2 Жаңалықтар

«Оқиға 4 мамыр күні болған» деп хабарлайды Atr.kz

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесіне әкелінген азық-түліктерді тексеру кезінде пластикалық ыдыстың түбіне жасырылған жасыл түсті шөп табылды.


– Мекеме қызметкерлері заңсыз сәлемдеменің ұрлық жасағаны үшін ұсталынып отырған 28-жастағы сотталушыға арналғанын анықтады. Шөп полиэтилен пакетке оралып, ыдыстың түбіне жасырылған. Мекемеге Атырау қалалық полиция басқармасының тергеу тобы шақырылып, заңсыз сәлемдеме сараптамаға жіберілді,- дейді мекеме бастығының орынбасары Роман Увашев.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті мекемеге әкелінетін сәлем-сауқаттар рентген аппаратымен жіті тексерілетінін атап өтті.

img 20210505 wa0022
Фото – Атырау облысы Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті баспасөз-қызметі
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз