Атырауда мүмкіндігі шектеулі 23 мың адам тіркелген

image Жаңалықтар

Бұл туралы онлайн брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс бойынша барлық санаттағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың саны – 23 319. Оның ішінде I топта – 1 961, II топта – 9 392,  III топт – 8 160 адам бар. Ал, мүмкіндігі шектеулі балалар саны – 3 806.

– Бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі адамдарға облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығы және №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Бұл мекемелерде барлығы 1381 адам қызмет алады, – деді Азамат Мәмбетов.

Айта кетерлігі, 2021 жылдың қорытындысымен техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында өтініш берген 16 434 мүмкіндігі шектеулі адамның, 14 797 немесе 90% «Әлеуметтік қызметтер» порталы арқылы құралдармен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз