Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші 200 адамға жетті

whatsapp image 2021 07 13 at 12.36.56 Жаңалықтар

Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында мәлім болды.

Атырау қалалық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Камзинның айтуынша, салыстырмалы түрде сәуір, мамыр айларында аптасына 260-270 науқас тіркелетін болса, қазіргі тәуліктік көрсеткіш 150-200 адамға жетіп отыр.

  • Соңғы тәулікте қала бойынша 280 жағдай тіркеліп отыр. Осы аурушаңдық деңгейінің өсуіне байланысты қарантиндік шараларды күшейтуіміз қажет, деді – Атырау қалалық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Камзин
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз