Атырауда екі қабатты ғимарат өртке оранды

2022 06 21 img 20220621 wa0003 Жаңалықтар

Атырау қаласында екі қабатты қараусыз тұрған ғимарат өртке оранды.

Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 маусым күні сағат 23:03-те Мұнайшы шағын ауданы, 7 көшесінде орналасқан ғимараттан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Төтенше жағдай кезінде ешкім зардап шекпеген.

«Қызыл жалынды ауыздықтауға Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 23 қызметкері мен 5 техника, Атырау мұнай өңдеу зауытының 4 қызметкері және 1 техникасы, «Ақберен« мекемесінен 2 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды«, – делінген хабарламада.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз