Атырауда 42 мыңнан астам жұмыс орындары ашылады

biznes Жаңалықтар

«Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов айтты»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов 22 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралған кеңесте жеті бағыттан тұратын нақты міндеттер жүктелгенін атап өтті. Облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын қабылдауды тапсырғанын жеткізді.


«Жоспар жобасында облысқа алдағы 5 жылда шамамен 9,5 трлн теңге инвестициялар тарту, оның ішінде 8 трлн 600 млрд теңгеден астам жеке инвестициялар тарту қарастырылған. Соның арқасында 42 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру көзделген. Кешенді жоспарды іске асыру Атырау облысының дамуына қуатты серпін беріп, азаматтарымызды толғандыратын көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді»,- деген аймақ басшысы бұл жоспарларды іске асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының да маңызды рөлге ие болатынын айтты.


Сонымен қатар, аймақ басшысы сессияға қатысушыларды алда келе жатқан 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.


Жиын соңында Қазақстан Халқы Ассамблеясы мүшелері Зураб Бобохидзеге «Қазақстан конституциясына 25 жыл», ал Александр Думлерге «Қазақстан Халқы Ассемблеясына 25 жыл» мерекелік медалін табыстады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз