Атырау облысына жаңа бас санитарлық дәрігер тағайындалды

191127170618820e Жаңалықтар

Atr.kz / 13 шілде, 2020 жыл. Сәдуақас Байғабылов Атырау облысының бас санитарлық дәрігері болып тағайындалды.

Тілшімен сұхбат барысында ол 13 шілдеден бастап облыстың бас санитар дәрігері болып жұмыс істеп жатқанын айтты. Байғабыловтың айтуынша, оны Атырауға коронавирустық инфекция бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында жіберді.

Сондай-ақ, санитар дәрігер Атырау облысының тұрғындарын дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар туралы айтып берді.

Айта кетейік, ол 2020 жылдың 31 наурызынан бастап көліктегі бас санитар дәрігер болып жұмыс жасады. Бұған дейін Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері қызметін атқарды. 2018-2019 жылдары Нұр-Сұлтанда Тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментін (Астананың бас санитарлық дәрігері) басқарды.

«Tengrinews.kz»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз