Азаттық көшесінің сапасы тексерілді

eke Шаһар шырайы

Биыл қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген Азаттық көшесінің сапасы тексерілді. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының инженері М.Телеуғалиев жаңғырту жұмысы аяқталған ұзындығы 800 метр, ені 15 метр жолдан керн кескінін алды.

Маманның айтуынша, жол қабаттарының қалыңдығы талапқа сай.  Мәселен жолдың жобасы бойынша 2-маркалы  ірі түйірлі кеуекті ыстық асфальтобетон қалыңдығы 10 см болу керек. Алынған керн кескіні 11.8 см көрсетті. Ал, 1-Маркалы Б типті ұсақ түйірлі тығыз ыстық асфальтобетон қалыңдығы 5 см болса, алынған керннен 5.3 см екені анықталды.

ggg

Жыл басынан бері «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының инженерлері қала ішіндегі 23  жолға 117 рет тексеріске шығып, 52 ақау анықтаған. Оның 21-і өрескел. Жол құрлысына пайдаланылатын материалдардан 431 сынама алынып, зертханада тексерілді. Нәтижесінде 179 сынаманың ҚР стандарттарына сәйкес еместігі анықталды.

Айта кетейік, қазір С.Датов, Азаттық көшелерінде және Еркінқала елдімекеніндегі жолдар қайта жаңғыртылып жатыр. Сонымен қатар, Б.Құлманов, Ә.Молдағұлова көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз