Атыраудағы С.Датов көшесіндегі жолдың сапасы тексерілді

zhol 1 1 Шаһар шырайы

С.Датов көшесіндегі жолдың қалыңдығы талапқа сай. Бұл туралы аталған жолды жоспарлы тексеруге шыққан «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Атырау олыстық филиалының жетекші сарапшысы Ғибадат Тұрарбеков айтты.

zhol 2

«С.Датов көшесіндегі қайта жаңғырту жұмыстарының сапасын қарадық. Арнайы құрылғымен керн кескіндерін алдық. Керн кескінінің төменгі қабатының қалыңдығы -12.3 см, ал, жоғары қабаты 6 см. екен. Бұл көсеткіштер талапқа сай. Жоба бойынша төменігі қабты -10 см, жоғары қабаты- 5 см болу керек. Енді керн кескінінің сапасы зертханада тексеріледі» – деді Ғ.Тұрарбеков.

Маманның айтуынша, қайта қалпына келтірілуі тиіс ұзындығы  4690 метр С.Датов жолының 1500 метрі өткен жылы жөнделді. Биыл тағы 2 шақырымы қайта жаңғыртылады. Қазір оның 600 метр аумағында жұмыс аяқталып, жол көлік қозғалысы үшін ашылды. 

zhol3

 Айта кетейік, Атырау қаласындағы С.Датов көшесінде  қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жолдың ені кеңейтіліп, екі жағына да  жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр.

Н.Насыр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз