Президент жастарға сенеді!

admin 2019 09 19 cc1b941585df64688331487d2eec8e59 xl Саясат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын ұйып тыңдаған мен ел экономикасында әлі де шешімін күткен мәселелерге назар аудардым.

Расымен де, біз шикізатқа тәуелдіміз. Осыдан келіп, Президент атап көрсеткендей, еңбек өнімділігі төмен болады. Бірақ, мүлде түңілуге де болмайды. Өйткені, бұл қиындықтан шығудың жолдарын Қасым-Жомарт Кемелұлының өзі нақтылап берді.

«…Оны шешудің нақты жолдары бар. Атап айтсақ, бұл – макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және  цифрландыру. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыру. Сондықтан, тың тәсілдер қажет екені сөзсіз» деген Президент ендігі жерде халықтың әл-ауқатын сапалық және инклюзивтік тұрғыдан арттыру қажеттігін айтады.

Жастарға сенім артқан үлкендеріміз қашаннан бізден тың идеялар мен нақты жұмыс күтеді. Өзім мұнай кәсіпшілігінде геолог болып жұмыс жасайтындықтан, күндердің күнінде шикізаттың қоры азайып, мүлде болмаса, туған Қазақстанымызды қалайша дамытып, көркейте аламыз деген ойдың  мазалайтынын жасыра алмаймын. Сол себепті біз арқаны кеңге сала бермей, қандай қиындыққа кезіксек те, солардың бәріне төтеп бере алатындай білімді, төзімді болуымыз керек.

Айгерім СЕРІКҚАЛИ,

«Ассамблея жастары» ҚБ мүшесі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз