Үміткер сайлаушылармен кездесті

ukenn Сайлау

«Қоғамдық көліктердің жүрісі нашар. Кей күндері сағаттап күтеміз…» «Қазіргі таңда бұралқы иттер мәселесі өзекті болып тұр. Оларға қатысты жұмыстар қандай бағытта жүргізілуі керек?» Осы секілді өткір тақырыптар – AMANAT партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Дүйсенбай Тұрғановтың еңбек ұжымдары, сайлаушылармен  кездесулері барысында көтерілген маңызды тақырыптардың бір бөлігі.

 «Қазпошта» АҚ ұжымымен кездесуі барысында: «Бұралқы иттер көшеде жүрмеуі керек. Оларға қатысты заңға өзгерістер енгізілуіне ықпал ету жоспарда. Жалпы, иттер мәселесіне келетін болсақ. Өткен жылы асыл тұқымды таз, төбет иттерге қатысты заң жобасын жасақтауға бастамашы болдым, өткен жылдың аяғында қол қойылды. Бірақ, бұл ежелгі тазы, төбеттерге қатысты, яғни, қазақы иттер. Олардың ережесі бөлек, бағымы айрықша», –  деді Дүйсенбай Нұрбайұлы.

Осыған дейін Исатай, Махамбет аудандарында болған кандидат AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасында өзекті мәселелер қамтылғанын атап өтті. Барлық басқосулар еркін сұхбаттасу форматында өтуде.

yaaaa

Әр жиында жеке мәселелер емес, көп жағдайда елдік мүддені, ортақ мақсатты көздейтін сауалдар қойылуда. «Мәселен, қала орталығындағы Стройконтора аялдамасы маңындағы кептелістен Химиктер қалашығы арқылы қосымша жол салу арқылы құтылуға бола ма?» дейді кездесу қатысушыларының бірі. Сондай-ақ, Жайық өзенінің жағдайын жақсарту, тендерлік комиссия жұмысын жетілдіру, Махамбеттегі мәдениет үйінің орнына жаңасын салу, Сарытоғайдағы алма бағын қайтадан қалпына келтіру туралы ортақ мәселелер де айтылды.

Қоғамдық көлікке қатысты көптеген жаңашылдықтар енгізілгеніне қарамастан, олардың мәселелері әлі де біржақты шешімін таппай келеді. «Кешкілік жұмыстан шыққан уақытта санаулы автобустардан басқасы, көлік тұрағына кетіп қалады. Сондықтан, біз бірді-екілі маршрутты күтуге мәжбүр боламыз немесе такси қызметіне жүгінуімізге тура келеді», – дейді қала тұрғындары.

Дүйсенбай Тұрғанов кездесулер барысында айтылған барлық мәселелердің тиімді шешілуі үшін жергілікті атқарушы билік құзырына жолданатынын жеткізді.

Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы

AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз