«Жол апатынан сақ болыңыз!»

screenshot 20220531 230502 Құқық

Атырауда патрульдік полицейлер тұрғындарды жол қауіпсіздігіне шақыратын акция ұйымдастырды.

Жолдардағы жол-көлік оқиғалары көп жағдайда жүргізушілердің жауапкершілігіне және сақтығына байланысты. Жол қозғалысына қатысушылардың сақтығына және жауапкершілігін арттыруға  әсер ету үшін Атырауда патрульдік полиция қызметкерлері акция  ұйымдастырды. Қала орталығының көшелерінде қайғылы апат салдарының айқын көрінісі ретінде жол-көлік оқиғасына ұшыраған автомобильдерді эвакуаторларға салып, дауыстық хабарламамен жол қозғалысының сақтау қажет ақпараттарын айтып жүріп өтті. Бұны көрген жүргізушілер осындай қайғылы оқиғаның әрқайсысымен орын алуы мүмкін екендігін түсінеді.

– Атырау жүргізушілері үшін бүтін автокөліктің орнындағы металл қирандысы барлық теориялық ескертулерден де айқын әрі дәлелді көрініс болды. Жол-көлік оқиғалары қазіргі таңда қоғамды алаңдататын айқын мәселеге айналды. Басты себеп – жүргізуші салғырттығы. Келетін қауіптің өлшеусіз екенін жұршылыққа барынша жеткізуді жөн санадық – деді, Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Ерлан Биғамбаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз