ӘУЕЖАЙДА НЕ БОЛЫП ЖАТЫР?

1624282196 img 0271 Құқық

28 шілдеде елорда әуежайының электронды поштасына жарылғыш зат туралы хабарлама келіп түсті.

Тәртіп сақшылары оқиға орнына аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

– 28 шілде күні сағат 09:46-да «102» арнасына авиациялық қауіпсіздік қызметінен әуежайдың электронды поштасына әуежайға қолдан жасалған жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келгені туралы ақпарат келіп түсті, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.

Хабарламада полицияның әуежайды тексергені айтылған. Жарылғыш зат табылмады.

Сонымен қатар, департамент қойылған жарылғыш зат туралы көрінеу жалған хабарлама қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз