Атырауда жаттықтырушының Әнұранды неге айтпағаны белгілі болды

nengeknge Құқық

Жаттықтырушының Әнұранды айтпай және қолын жүрек тұсына қоймай тұрған видео жарыс кезінде түсірілген.

Осы ретте, облыстық ПД қызметкерлері 33 жастағы жаттықтырушыға қатысты хаттама толтырып, әкімшілік сот тарапынан айыппұл салынды. Атырау облысы дін істері басқармасының бас маманы Данияр Галиденнің айтуынша, оның деструктивті діни ағымға қатысы бар болып шықты.

– Бұл жағдай «Мұнайшы» бассейнінде балалар күніне орай ұйымдастырылған іс-шара кезінде болды. Ақтөбе облысының тұрғынына қатысты ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның 5-бабына сәйкес, Атырау облысы дін істері басқармасы тарапынан мониторинг жүргізіліп, жаттықтырушының деструктивті діни ағым ұстанушысы екенін анықтады. Әнұран шырқалған кездегі оның бұл әрекеті аталған заңға қайшы, – деді Д.Галиден.

Дереккөз: atpress.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз