Жантүршігерлік жол апаты жеті адамның өмірін жалмады (+ВИДЕО)

210215105440999a3753204i Қоғам

Оқиға Алматы-Өскемен тасжолының 342-шақырымында болған Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік апаты 14 ақпан күні болған.

Алдын ала болжам бойынша «Nissan Qashai» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың шетінде тұрған «Volvo» жүккөлігіне соғылған.

«Оқиға салдарынан 7 адам мерт болды. Жеңіл автокөліктіктің жүргізушісі және жолаушысы, жүк көлігінің де жүргізушісі мен бір жолаушысы жан тапсырды. Қайтыс болғандардың кім екені анықталып жатыр. Оқиға орнында облыстық полицияның және Ақсу ауданының тәртіп сақшылары жұмыс істеді» делінген ведомствоның мәліметінде.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

https://www.instagram.com/p/CLTE7GYhZHU/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again

«Қазақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз