Атыраулық ұстаздар кәсіподағы қостанайлықтарға көмек көрсетті

logo fonda 01 Қоғам

«Апат айтып келмейді» демекші, Қостанай халқы аяқ астынан үлкен қиындыққа душар болды. Санаулы сағаттарда орман ішінде тұтанған тілсіз жау жақын маңдағы бірнеше ауылды жайпап үлгерді. Тұрғындар баспанасыз қалды…

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, еліміздің түкпір-түкпірінен азаматтар қолдан келген көмектерін жіберіп жатыр. Атырау жұрты да қостанайлықтармен бірге екендерін білдіруге асығуда. Осы орайда, біз – Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы да қайырымдылықтан қалыс қалмауға тырыстық. Сөйтіп, Қостанай тұрғындарына көмек ретінде 300 мың теңге аудардық. Адамгершілік пен адалдыққа, жанашырлық пен жомарттыққа үндейтін мұндай ізгі істер әлі де жалғасын табады деп сенемін. Өйткені, халқымыз қиналғанға қол ұшын беруді ықылым заманнан бері игі дәстүрге айналдырған. Ендеше, ата-баба аманатын бүгінгі ұрпақ та абыроймен арқалап келеді. Біз сіздермен біргеміз, қостанайлықтар!

Қылышбай Сүндетұлы,  

Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз