АТЫРАУДАҒЫ ӨРТ: Алаңдауға негіз жоқ

img 20220922 wa0019 Қоғам

Каспий теңізінің жағалауындағы өрт туралы ресми мәлімет белгілі болды.

Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегі күні 08:57 сағатта Атырау қаласы, Кеңөзек ауылы, Каспий теңізінің жағалауындағы Тасқала ауылынан 40 шақырым жерде және «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи қорығы аумағында шамамен 60 га. аумақта қамыс өсімдіктері (қамыс) жануы орын алды. Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінің хабарлануынша, жердің батпақты және өрт сөндіру техникалары өте алмауына байланысты өртті сөндіру мүмкіндігі болмады. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің (20 қызметкер мен 2 бірлік техника) және «Ақ Жайық» МТР (5 жұмысшы және 2 техника) күштері жану орнын тұрақты бакылауда. Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылды.

Осы орайда, ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Атырау облысы бойынша экология департаментінің Зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандарымен Тасқала ауылдық округінен теңізге қарай шамамен 35-40 км жерден атмосфералық ауадан сынама алу жұмыстары жүргізілді. Сынама алу кезінде көміртегі оксиді 7.43 мг/м3 (норма 5 мг/м3) шекті рұқсат етілген шекті шоғырланудан асу фактісі орын алған. 2022 жыл 21 қыркүйек күні 7:30 сағатта МИ-8 тікұшағы барлау жұмыстарын жүргізіп, 20х20м көлемінде 2 ашық от пен жану ошағын және 100 м көлемінде бықсуды анықтады. Қазіргі уақытта әуеден сөндіру жұмыстарын жүргізуде. Елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ.

Өртті сөндіруге жұмылдырылғандар: Атырау облысы ТЖД (31 қызметкер және 10 техника, 1 су көлігі), «Ақ Жайық» ГПР (20 жұмысшы және 5 техника), жергілікті атқарушы органдар (3 жұмысшы және 3 техника), ЕӨСЖ (15 адам 2 бірлік техника). Осы орайда, ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде Департаменттің Зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандарымен Тасқала ауылдық округінен, Балауса және Самал ықшам аудандарынан атмосфералық ауадан сынама алу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде зиянды заттардың нормативтен асуы фактісі орын алған жоқ.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде қамыстын жануын пайдаланып, Атырау мұнай өңдеу зауыты шығарындыларын шығаруды жүзеге асырып жатыр деген мәлімет жарияланып жатыр. Алайда қала ішінде жүргізілген мониторинг нәтижесімен сынамалар нормадан асу фактісін көрсеткен жоқ. Сондай ақ, қала аумағында орналасқан автоматты ауа сапасына мониторинг жүргізу бекеттерінің көрсеткіштеріне талдау жүргізілуде. Бүгінгі таңда жоғары ластану фактісі орын алған жоқ.

Дапартамент мамандарымен Атырау мұнай өңдеу зауытының санитарлық қорғау аумағының сыртынан ауа сапасына мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз