Атырауда бір түнде 50 рулон шөп өртенді

img 20220817 wa0024 Қоғам

Аудандарда бір кеште екі мал қорадағы жиналған шөп жанып кетті.

16 тамызда сағат 18.36-да Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Майра Қабдолқызы көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында орналасқан жалпы ауданы 20х10м. болатын мал қораның ішінде жиналған 40 дана рулон шөптің өртенуі болды. Салдарынан жақын орналасқан ауданы 8х10м. болатын тұрғын үйдің 4х3м. сыртқы полифассад қаптамасының балқуы орын алған. Өрт сағат 19.27-де оқшауланып, сағат 20.03-те жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

16 тамызда сағат 22.33-те Жылыой ауданы, Майкөмген ауылы, М. Баймұханов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында жалпы ауданы 20х20м. болатын шпалдан салынған шөп  қораның және ішіндегі жиналған 10  рулон шөптің өртенуі болды. Өрт сағат 00.13-те оқшауланып, сағат 01.33-те жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз