«ATYRAÝ»-дың бір күні (+ФОТО)

porpopop Қоғам

РЕДАКЦИЯНЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ЖҰМЫСЫ ГАЗЕТТІҢ КЕЗЕКТІ САНЫН ЖОСПАРЛАУДАН БАСТАЛАДЫ.

Алдымен бас редакторға қолдағы бар материалдардың қоры туралы баяндалады. Соның ішінен журналистер жазған, бүгінгі күн тақырыбын көтерген, өзекті мəселелерді арқау еткен сараптама, журналистік зерделеу сипатындағы, өңірдің, қала берді елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғаларға орай ой бөлісу мақсатын көздеген мақалалар іріктелініп, сұрыпталады. Əр сағат, күн сайын болып жатқан жағымды жаңалықтардың басылым беттерінен уақытылы көрініс тауып отыруы назарда ұсталады.

renge

Шығармашылық ұжыммен өткізілетін лездемеде шыққалы жатқан басылым нөмірінде жарық көруге тиісті жарияланымдарға көңіл бөлініп, бұл жөнінде журналистердің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қажеттілігіне қарай қаперге алынады. Бас редактор мен оның орынбасары оқыған, жоспарланған нөмірдің материа лдарын жауапты хатшы əрмен қарай компьютер цехына жолдайды. Сол жерде дизайнер мамандар оны жоспарға сəйкес беттеп, безендіреді. Əрбір беттің алғашқы нұсқасы корректураға жіберіледі. Сонда қателер түзетіледі. Ал, бас редактордың орынбасары мақалалардың тақырыптарына, орналасуына назар аударып, өзгерістер енгізеді. Содан соң барып беттер бас редакторға жіберіледі.

mmmmmmmmmmmmmmm

Бірнеше қайт ара оқылудан соң қателері түзетіліп, тазартылған беттер «Атырау-Ақпарат» ЖШС басшылығының алдына апарылып, сол жерде тағы бір мəрте сүзгіден өтеді. Мұнда да материалдардың тақырыбы мен мазмұны, көтерген мəселесі төңірегінде түрлі нұсқаулар беріліп, ішінара өзгертулер жасалады.

propopop

Осы процедуралардың бəрі аяқталып, көрсетілген қателер мен түзетулер салынып болғасын ғана бас редактор газетті басуға рұқсат береді. Басылымның əрбір санының мазмұнды, оқылымды, сапалы əрі қатесіз болып шығуына кезекші редактор, корректор мен дизайнер жауапты болады. Сол себепті, олар дайын газеттің электронды нұсқасы баспаханаға жолданып, қабылданғанға дейін редакцияда болады.

Дəулетқали АРУЕВ

poproporp
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз