Тегін дəрі неге кешігеді?

2e6af14c4be35eafb922d33dee6364b0 Медицина

ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ «АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ, АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕ» ДЕГЕН ДАНАЛЫҒЫ ӨТЕ ОРЫНДЫ АЙТЫЛҒАН. БІРАҚ, АУЫРМАУДЫҢ ЖОЛЫ ПЕНДЕНІҢ ҚОЛЫНДА МА ЕКЕН?! ӘРИНЕ, ЖОҚ. БІРЕУ КӨЛІК АПАТЫНА ҰШЫРАП, АЙЛАП, ЖЫЛДАП БЕЙНЕТ КӨРСЕ, ЕНДІ БІРЕУ АЛЛА ЖІБЕРГЕН ДЕРТТЕН АЙЫҒА АЛМАЙДЫ. БӘРІНЕ ДЕ КҮТІМ, УАҚЫТЫЛЫ ЕМ ҚАЖЕТ.

Облыс айнасы саналатын «Atyraý» газеті редакциясына исатайлық зейнеткер Қайса Əбілұлы а р н а й ы т е л е ф о н шалды. Ол өзінің біраздан қ а н қ ы с ы м ы д е р т і м е н ауыратынын, сол үшін тегін дəрі-дəрмекпен қамтамасыз етілгенін айтып мұң шақты. Əйткенмен, сол қажет дəрілері у а қ ы т ы н д а ж е т к і з і л м е й , саулығы үшін жекеменшік дəріханалардан сатып алып отыр екен.

– Үлкейген адамның ағзасы əрі дімкəс, əрі əлсірегесін « к ү т е т ұ р д ы » б і л м е й д і ғой. Дəрі-дəрмексіз отыра алмайтындықтан, өзіме қажет жиырма таблетканы, жаным үшін алты мың теңгеге сатып алып тұрдым. Денсаулық сақтау саласының мамандары тегін берілетін дəрінің мұнша кешігуін бірінен бірі көреді. Жеме-жемге келгенде біз қиналамыз, – дейді 89 жастағы Қайса қария. Ж а с ы р а т ы н ы ж о қ , б ұ л т е к б і з д і ң о б л ы с т а е м е с , бүкіл елімізде орын алған п р о б л е м а .

« Т е г і н д ə р і неге жоқ, неге кешігеді?» д е п ш у л а ғ а н д і м к ə с т а р қай аймақта да аз емес. Бұл мəселенің ушығып, мемлекет б а с ш ы с ы Қ а с ы м – Ж о м а р т Тоқаевқа жеткені де белгілі. Президент аталған проблемаға Бас прокуратураның мықтап қарауын, қажет болса, тексеру жүргізуді тапсырды. Талапқа сəйкес тегін дəрі алушы өзінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаға тіркеліп, диспансерлік есепте тұрады. Учаскелік дəрігеріне мезгілімен қаралады. Ал, дəрігер оның дертінің түріне қарай тегін дəріге рецепт жазып береді. Осылайша, емделуші тек бұйрықпен бекітілген дəрі-дəрмекті ғана тегін ала алады. Біз хабарласқан Атырау қ а л а л ы қ № 4 е м х а н а н ы ң директоры Еркін Сабыров өздерінде тегін дəрі-дəрмек а л а т ы н 6 м ы ң н а н а с т а м аурудың тіркелгенін айтты. «Кемшілік ханның қызында да болады» демекші, шалғайдағы ауыл емес, тегін берілетін д ə р і н і ң а п т а л а п к е ш і г у і өздерінде де орын алатынын жасырмады.

– « К і с і д е г і н і ң к і л т і аспанда» деген ғой. Біз қанша жұмыстансақ та, дəрі-дəрмектің кешігіп берілуі тыйылмай тұр. Өйткені, олар өзге өңірлерден жеткізіледі, – дейді директор.

О б л ы с т ы қ д е н с а у л ы қ с а қ т а у б а с қ а р м а с ы н ы ң б а с п а с ө з қ ы з м е т і н е н білгеніміздей, қазір облыста тегін берілетін дəрі-дəрмек қоры жеткілікті екен.

Айтпақшы, газет шыққалы ж а т қ а н д а , Х . Е р ғ а л и е в ауылының тұрғыны Қайса Əбілұлымен хабарла с ы п , жағдайын сұрадық.

– Тегін дəрілерімді алып о т ы р м ы н , ш ы р а ғ ы м . С а у болыңдар!.. – деді қария.

Лиза СЕЙТІМОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз