ӨМІРІҢДІ ӨКСІТПЕ, ӨРЕН!

ЖИТС-тің (Жұқпалы иммундық тапшылық синдормы) алдын алу және оған қарсы күресу орталығы мен Облыстық  халық шығармашылығы орталығының  ұйымдастыруымен  Балықшы поселкесінің  «Жастар» мәдениет сарайында Бүкіләлемдік ЖИТС-ке  қарсы күрес  Компаниясы  шеңберінде «Мақсатты бағытымыз – нөл» тақырыбында акция өткізілді.

Акцияға жоғары оқу орындары, колледждердің студенттері, әскери бөлімнің сарбаздары, ЖИТС, Салауатты  өмір салтын қалыптастыру орталықтарының, наркологиялық  диспансердің мамандары мен  дәрігерлері  қатысты.

 

Басқосуда ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күресу орталығының бөлім бастығы Маржан Есбергенова,  «Өмір сақшылары» орталығының  маманы Айша Тұңғатарова, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының  үйлестірушісі Әйгерім Смағұлова акцияға қатысушыларға әлемді жайлаған емі жоқ дерт туралы, оның жұғу жолдары туралы, сондай-ақ, нашақорлық, маскүнемдік, темекі  шегу сияқты зиянды әдеттер туралы да кеңінен айтып берді.

Бұдан соң  облыстық халық шығармашылық орталығы директорының орынбасары Абат Кенжеғалиев сөз алып, ел ертеңі – жастарымыздың  «жаман аурудан» бойларын аулақ  ұстап, салауатты  болуы  үшін спорт пен өнерді, мәдениетті серік етулеріне ағалық  тілегін білдірді. Содан кейін ол осы акцияны ұйымдастырып, өткізуге  белсене атсалысқан көптеген колледж басшыларын  Алғыс хаттармен марапаттады.

 Акцияға қатысушыларды облыстық халық шығармашылық орталығының «Әсем-ай» ансамблінің  бишілері мен әншілері саздық бағдарламасымен  тәнті етсе, «Ақ Жайық» КВН командасының  әзілкештері  сахналық көріністерімен күлкіге кенелтті.

Ғайнолла ЗЕЙН.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз