МАХАМБЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ ЖАС ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ПӘТЕР КІЛТІН ТАБЫС ЕТТІ

37a6b735 69be 4c0e bfe7 bb4fdbf90012 Медицина

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов денсаулық сақтау саласының 19 жас қызметкеріне ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты пәтер кілтін табыс етті»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

cfdc2710 6311 49fc aee2 69ce0a4dded2


Аймақ басшысы алдымен егемендік уақытындағы көрсеткіштерге тоқталып өтті.
«Тәуелсіздік жылдары облыстың денсаулық сақтау саласы қарқынды дамыды. Салаға бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Денсаулық сақтау саласы 100 процентке цифрландырылып, өңірдің медициналық ұйымдарына жаңа технологиялар​ енгізілуде.
Қазір облыстың медициналық техникалармен жабдықталу көрсеткіші 91 процентке жетті. Облыстық медициналық жедел-жәрдем станциясының базасы 100 пайызға толықты. 30 жылда облыста 65 денсаулық сақтау ғимараты қолданысқа берілді. Аудандардың барлығында жаңа емханалар бой көтерді. Осындай жемісті жұмыстардың арқасында тұрғындардың орташа өмір сүру көрсеткіші 66 жастан 70,5 жасқа дейін артты. Қазір облыс халқының саны 433 мыңнан 665 мың адамға дейін жетті»,-деді облыс әкімі М.Досмұхамбетов.​ ​

4f664acc 5aac 48a8 bdf0 5f9f0a6f8aee


Аймақ басшысы алдағы жылдың жоспарларын да ортаға салды.​ Оның айтуынша, келер жылы 6 денсаулық сақтау нысанының құрылысын аяқтау, жаңа 2 нысанының құрылысын бастау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында облыстық аурухана базасынан 20 төсектік гемодиализ орталығын ашу жоспарда тұр.
Сонымен қатар, өңір басшысы сала қызметкерлеріне алғысын да білдірді.
«Дүниежүзін жайлаған коронавирус індетімен күрес – қарусыз майдан десек те болады. Осы індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлердің еңбектері ұшан-теңіз. Сіздер үй-жайды ұмытып, уақытпен санаспай, науқастарды емдеуде қолдан келген көмектің барлығын жасап жатырсыздар. Осы еңбектеріңіз үшін өзімнің және барлық Атырау халқының атынан алғысымды білдіремін»,-деді облыс әкімі.

a36041a2 4468 4672 82a0 e93bc46de52c


Салтанатты іс-шарада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өңіріміздің дамуына елеулі үлес қосып жүрген Атырау облысының бір топ дәрігерлеріне «Халық алғысы» медалі табыс етілді. Оған қоса 19 жас медицина қызметкеріне пәтер кілті табысталды.
Сондай-ақ, марапатталушылар және дәрігерлер атынан Геолог емханасының дәрігері Бағдәулет Рахманұлы сөз сөйлеп, құттықтау тілегін білдірді.

441f2cf4 b999 4452 8e0a f1992992938a


«Әріптестер, бүгінгі марапаттарыңыз құтты болсын! Бізге осындай үлкен мүмкіндік беріп отырған облыс әкіміне және Денсаулық сақтау басқармасына алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта денсаулық сақтау жолында аянбай еңбек етуге әзірміз»,-деді ол.
Айта кетейік, соңғы 30 жылда жаңадан келген жас мамандарды тұрғын үймен қамту мақсатында медицина қызметкерлеріне 89 қызметтік пәтер берілген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз