БЕДЕЛДІ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛ SPUTNIK V ВАКЦИНАСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІ ТУРАЛЫ ЖАЗДЫ

2021 07 27 113604343400 Медицина

Халықаралық Nature ғылыми журналы «ресейлік Sputnik V вакцинасының қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдеді», деген мақала жариялады.


Мақала авторы ресейлік препарат аденовирусқа негізделген вакцина екенін айтты. Ол SARS-CoV-2 вирусының белокты генетикалық кодын адам жасушаларына жеткізу үшін арнайы жасалған аденовирусты пайдаланады.

AstraZeneca және Johnson&Johnson вакциналарынан айырмашылығы – Sputnik V әртүрлі аденовирустарды қолданады.

Сколковоның биотехнология зерттеушісі Дмитрий Кулиш екі аденовирустың генетикалық материалды адам жасушасына енгізудің әртүрлі әдістері бар екенін және бұл тәсіл вирустық генетикалық материалдың жасушаға толық жеткізу ықтималдығын арттыратынын мәлімдеген.

Гамалея институтының сәуір айындағы пресс-релизіне сәйкес, екі дозамен егілген 3,8 миллион ресейлік туралы мәліметтер вакцинаның 97,6% тиімділігін көрсеткен.

Біріккен Араб Әмірлігінің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша вакцинаның екі дозасын алған 81 мың тұрғыннан алынған талдаулар ресейлік препараттың COVID-19 инфекциясының алдын алуда 97,8%, аурудың ауыр түрінің алдын алуда 100% тиімділігін көрсеткен.

Ал, Аргентина Денсаулық сақтау министрлігі Sputnik Light бір реттік дозасы симптоматикалық инфекцияны 78,6%, ауруханаға жатқызу санын 87,6% азайтқанын хабарлаған. Деректер 60-79 жас аралығындағы 40,4 мың екпе жасалған және екпе жасалмаған 146,2 мың адамды зерттеу нәтижесіне негізделген.

Бұған дейін Ресейдің тікелей инвестициялар қорының бас директоры Кирилл Дмитриев зерттеулер Sputnik V қолдануда жаңа кері әсерлер анықталмады деп мәлімдеген еді. Оның айтуынша, ресейлік вакцина өз елінде ғана емес, шетелде де «тамаша нәтижелер» көрсетуде

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз