Атырау облысында бір тәулікте 381 адам Covid-19 жұқтырған

medium lori 0033739814 bigwww 1 Медицина

Қауіпті инфекцияның таралуы Теңіз кен орнында, Жылыой ауданында байқалып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 381 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 249 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 52 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 30 науқас, Индер ауданында – 10, Исатайда- 10, Қызылқоға ауданында – 9, Құрманғазы ауданында – 8, Мақат ауданында – 4, Махамбет ауданында – 9 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 221 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 160 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 84 адам емделді.

Қазір 4984 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 200, екінші облыстық ауруханада – 188 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 77, кардиоорталықта – 107, т/ж ауруханасында – 111 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда – 413, облыстық ауруханада – 71, жатақханада – 103, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 381 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз