Көне Сарайшық аумағында Қасым ханға ескерткіш орнатылмақ

840c1a10 65e9 4bb7 a0ea 7bdd076158b5 Мәдениет

Алтын Орда өркениетінің орталығы болған көне Сарайшық қаласының аумағында Қасым ханның ескерткіші орнатылуы мүмкін. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов осындай мәлімет айтты.

 «Сарайшықта сапар орталығынан басқа Алтын Орда тарихына арналған мұражай салу жоспарда бар.
Тарихшылар көне қалада керуен сарайдан бөлек қалқыма көпір болған деп жазады. Сондай нысандарды ұйымдастырып, сол арқылы келетін туристерге тарихпен танысатындай жағдай жасаймыз. Өзіміздің шамалауымызша, бұл жоба жылына 700 мыңға дейін адам қабылдауға мүмкіндік береді. Біріншіден, шетелдік емес, өзіміздің өңірлерден келетін жастарды, мектеп жасындағы балаларды сол жерге апарып, тарихқа таныстырамыз», – деген әкім Қасым ханның ескерткішін салу да жоспарда бар екенін айтты. «Шешім қабылданса, орталық мемлекеттік органдармен, Үкіметпен бірге сол жұмыстарды жүргізуге дайынбыз. Сондай ұсыныс бердік. Әрі қарай қолдау күтіп отырмыз. Сіз айтып отырған Алтын Орданың 750 жылдығына арналған халықаралық конференцияда Қасым ханның ескерткішін көтеру туралы ұсыныс болды. Оны да өте дұрыс көріп отырмыз. Егер Сарайшықта мемориалдық кешен болғанда ол жерде Қасым ханның ескерткіші тұрса, Сарайшық туризмнің үлкен бір орталығына айналар еді», – деді Махамбет Досмұхамбетов.

ҚазАқпарат.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз