Атыраулық бүлдіршін бишілер республикалық фестивальден бас жүлде иеленді

yvaprol 1 Мәдениет

Атыраулық кішкентай бишілер – «Еркетай» би тобы Алматы қаласында өткен «Жеті өнер» республикалық ART-фестивалінен бас жүлдемен оралды.

Жеңіс тұғырына көтерілген таланттар енді тамыз айында Өзбекстан астанасында өтетін халықаралық фестивальде өнер көрсетеді. Республикалық сайысқа Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды, Атырау, Абай, Қызылорда, Петропавл, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары бойынша 80-ге жуық бишілер командасы қатысты. Конкурста еліміздің түкпір-түкпірінен мықты деген командалар жиналып, барлығы 87 би нөмірі көрсетілді. Абай атындағы оқушылар орталығының хореографы Жаннат Балатуеваның айтуынша, 8-10 жас аралығындағы 16 бүлдіршіннен тұратын «Еркетай» би тобы республикалық фестивальге жоғары деңгейде дайындалған.

vyaprold

-Біздің «Еркетай» тобы сайысқа екі номинация бойынша екі би дайындап апарды. Бірі – «Аладдин», екіншісі – «Көңілді динозаврлар» биі. Шығыстың Аладдин ертегісі желісінде дайындалған театрландырылған қойылымдық би қазылар алқасының да, көрерменнің де көңілінен шықты. Ендігі уақытта кішкентай таланттарымыздың халықаралық фестивальде Қазақстанның намысын қорғауы – біз үшін зор мақтаныш, – деді Жаннат Балатуева.

«Еркетай» би тобы жуырда Атырау қаласында өткен «Атадан мұра» республикалық конкурсында да өнер көрсетті. Бұл додада I орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарға шілдеде Түркістан қаласында өтетін Халықаралық би додасына жолдама берілді.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Гульмира

    Кутты болсын, балапандар онерлерин устем болсын!!!

  2. Гульмира

    Кутты болсын, балапандар онерлерин устем болсын! ТАЛАПТАРЫНА НУР ЖАУСЫН!