Ақын Бауыржан Халиолланың жаңа жыр жинағы жарық көрді

984dd8bc116b8e69b74768e112fe8d76 Мәдениет

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, танымал ақын Бауыржан Халиолланың «Жан тебіреніс» атты жыр жинағы оқырманға жол тартты.

984dd8bc116b8e69b74768e112fe8d76

Айтыс пен жазба поэзияны қос қанатындай ұстап, халықтың ықыласына бөленіп жүрген ақынның бұл жинағы «Ана Арыс» баспасынан 2000 данамен жарыққа шықты.

Жаңа кітап «Көне сүрлеу», «Махаббат майданы», «Жаңа соқпақ», «Ағымнан ақтарылсам…» және «Көңіл пернесі» атты бірнеше бөлімнен тұрады.

Айта кетсек, бұған дейін ақынның «Жұмбақ қыздың жанары» («Жазушы» баспасы, 2001 жыл), «Нәзік бұлт көшіп барады» (Орал қаласы, 2005 жыл), «Жұлдыз жауған жарық түн»(2012 жыл, Орал) атты жыр жинақтары жарық көрген болатын.

Хорлан Смадияр

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз