«Qol Oner Dauysy – 2022»

rogpoggen Мәдениет

Ұлттық құндылықтарымыз бен мәдени мұрамызды жаңғырту – бүгінгі ұрпақтың басты аманаты. Осы бір тұста қолөнершілер қауымы ықылым заманнан келе жатқан рухани байлығымызды ұмыттырмай, қайта жаңғырту жолында сүбелі үлесін қосып келемiз.

«URPAQ» Қазақстан Қол Өнер академиясы ҮЕҰ және Senimen Bolashaq» ұйымдастырушылар Атырау облысы әкімінің ресми қолдауымен «Qol Oner Dauysy – 2022» облыстық фестиваль-байқауын өтетiнiң жариялады.

Жас айырмашылығына шектеу қойылмайтын ауқымды жоба – өңірдегі қолөнершілер өнімдері мен қызметтерінің сұраныс пен сапасын арттыруға әкелетін қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді қолдауды көздейді.

Қазіргі таңда ресми сайт және әлеуметтік желілер арқылы қатысушы адамдар қатарын көбейтудеміз. Дәл осы мақсатта Атырау қаласы мен 7 ауданда, түсіндіру, насихаттау шарасын өткізудеміз. Қызылқоға ауданы, Мақат ауданы, Атырау қаласы, Махамбет аудандарында таныстыру жұмыстары қарқынды жүрді. Жергілікті әкімдіктер мен «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы бірлесе қолдау білдіруде.

«URPAQ»Қазақстан Қол Өнер Академиясының төрағасы Нұрберген Әбдірешұлы Дәулетов, басшысы Аяжан Серегейқызы Алпатанова үнемі қойылатын сауалдарға нақты жауап беріп, жиындарымызда халық тарапынан да қолдау болып, кері байланыс жасалып, тіркелгендер саны барған сайын өсуде.

Қазіргі уақытта әр ауданнан қатысушыларды тіркеп, өтініштерін қабылдап жатырмыз.

Бұл байқау – қолөнер саласына өмірін арнаған жандар үшін және осы салаға қызығатындар үшін ең керемет мүмкіндік.

Бастысы, Қазақ ұлтының қолөнерін өрлетіп, қатысушылардың қолөнер қабілетін арттыруда ерекше әсерін тигізеді деп түйіндейміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз