Атырауда қайта жаңғыртудан өткен тасжолдардың сапасы тексерілуде

img 1375 Инфрақұрылым

Зерттеу жұмыстарының нәтижесімен тас жол бойында бірқатар ақаулар анықталды.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қайта жаңғыртудан өткізіліп жатқан республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» аралыгындагы жөндеу жұмыстары аяқталуына байланысты, Атырау облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері, «Қазавтожол» УК АҚ» және «КАЖсервис» ЖШС Атырау облыстық филиальның қызметкерлерімен бірлескен түрде автомобиль жолын тапсыру алдында зерттеу жумыстары жүргізілді.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде тас жол бойында бірқатар ақаулар анықталды. Атап айтқанда: жол белгілерінің және жол таңбаларының стандарт талаптарына сәйкес келмейтіндігі, жол бойында шұңқырлар пайда

болған, техникалық реттеу құралдарының қате орналасқан. Осы ақауларды жою үшін тапсырыс беруші мекемеге ұсыныс жолданды.

AtyrauPress

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз