Құлсарыда жарық желілері қалпына келтірілуде

img 20240414 wa0149 Инфрақұрылым

Бұл туралы Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Құлсары қаласында шағынаудандарды су басу аумағы әркелкі. Су басқан жерлерде тасқыннан зардап шекпеген тұрғын үйлер де бар. Аталған тұрғын үйлерге жарық беру басты назарда.

-Қазіргі кезде 4 ауыл Қауқаев, Тауманов көшесінде жарық желілерін қалпына келтіру жұмыстарына 4 жұмысшы топ, 5 техника жұмылдырылған. Аталған жұмыстың нәтижесінде 40-тан астам тұрғын үй мен орталық базар маңындағы 10 заңды тұлға жарығы қалпына келтіріледі,- деді «Атырау Жарық» АҚ Жылыой аудандық электр жүйесінің басшысы Марат Мендияров.

Өз тілшіміз

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз