Жайық өзені тартылып барады

Экология

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жергілікті атқарушы орындар басшыларының үкіметтік емес ұйымының (ҮЕҰ) өкілдерімен тұрақты кездесу кестесі жасақталған болатын. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Қанат Әзмұхановтың төрағалық етуімен өткен алғашқы шара экологиялық мәселелерге арналды.

Кешенді жоспарға экологиялық мәселелер енді

Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Қалиеваның айтуынша, Атырау облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына экологиялық мәселелер бойынша 20 іс-шара енгізілген. Бүгінде қаланың сол жақ жағалау бөлігіндегі «Тухлая балка» сарқынды сулардың булану алаңын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Қаланың оң жақбөлігіндегі «Квадрат» сарқынды сулардың була[1]ну алаңын қалпына келтіру жұмыстары 2022-2024 жылдары аралығында жүргізіледі. Атырау қаласында қатты т ұ р м ы с т ы қ қ а л д ы қ т а р д ы сұрыптап, өңдейтін полигон салынады. Оның қуаттылығы жылына 75-150 мың тоннаны құрайтын болады. Қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын қалыпқа келтіру үшін республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы қаралған. Осы жұмыстар алдағы жылдары аяқталады деп жоспарланған. Облыс үшін Жайық, Ақтөбе о бл ы с ы н а н б а с т ау а л ғ а н Ойыл, Сағыз, Жем өзендерінің сарқылуы өзекті мәселе болып отыр. Бұл – халықтың үлкен алаңдаушылығын тудыруда.

– Ж а й ы қ ө з е н і с у р е с у р с т а р ы н ы ң 8 0 % – ғ а жуығы Ресейдің аумағында қалыптасатындықтан, өзеннің төменгі ағысында орналасқан Атырау облысы көршілес мем[1]лекет тарапынан келетін су көлеміне тәуелді болып келеді.Облыс әкімдігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің алдына Ақтөбе және Атырау облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп Ойыл, Сағыз және Жем өзендерін толтыратын бұлақ көздеріне зерттеу жүргізу, жерасты суы мөлшері мен түсетін ылғал көлемін айқындау мақсатында мәселе қоюда,- деді басқарма басшысының орынбасары.

 Тұрғындардың шағымы ескеріле ме?

Облыстық «Зағиптар арманы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырушы жетекшісі Амантай Досаманов арнайы мекемелерден өзге, қоғамдық бірлестіктердің де тал егу жұмыстарына қатысуы қажеттігіне тоқталды. Жаңаталап ауылына қарасты Зарослый өзегінің кеуіп жатқандығын, осыған байланысты тиісті шаралардың алынуы қажеттігін баяндады. Сондай-ақ кәріздік каналға тұрмыстық қалдық су[1]лар төгілетінін ашына айтып, «ол үшін каналдың басына бейнебақылау орнатылса» деген ұсынысын жеткізді. Ал, «Ақиқат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғазиз Ғ а бд ул л и н М а қ ат ауд а н ы аумағында салынып жатқан газ өңдеу зауытының құрылысы барысында хаттамадағы талап[1]тар орындалмай отырғандығын баяндады.

– Хаттамада көрсетілгендей, зауыт құрылысына қажетті с у Қ и ғ а ш – М а ң ғ ы с т а у магистральдық су құбырынан алынуы керек. Алайда «Атырау су арнасы» мекемесі заңсыз түрде техникалық шарт арқылы Атырау – Ескене – Доссор – М а қ ат ма г и с т р а л ь д ы қ су құбырынан су беріп отыр, – деді Ғазиз Ғабдуллин. Экологиялық мәселелерге арналған жиында Жайықтың деңгейін төмендетпеу үшін қажетті шаралар алу, суды тиімді пайдалану, сондай-ақ өңірді жасыл желекке айналдыру үшін тұрғындардың белсенділік таны[1]туы қажетілігі кеңінен айтылды.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз