Атырауда вакцинация туралы үздік бейнероликтер анықталды

whatsapp image 2021 09 27 at 20.25.47 COVID-19: Соңғы поштадан...

1 миллион теңгені өзара үш бейнеоператор бөлісті, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алуға насихаттайтын үздік бейнеролик байқауы қорытындыланды.
6 қыркүйек күні басталған байқау мерзімі екі аптаға созылды.

Шараны облыс әкімдігінің қолдауымен «Атырау – Ақпарат» медиахолдингі ұйымдастырды.

  • Вакцинация туралы үздік бейнеролик байқауына 20-ға жуық жұмыс келіп түсті.
    Операторлардың қай-қайсы да роликтерді шығармашылық және кәсіби тұрғыдан түсіруге көңіл бөлген. Барлық материалдар ерекше бағалауға, назар аударуға тұрарлық, өйткені олардың тақырыбы Covid-19 пандемиясымен тікелей байланысты. Байқау қорытындысы бойынша үш жеңімпаз анықталды, олар креативті жастар, барлығы біздің өңірдің тұрғындары, – деді «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің директоры Ысқақ Егембердиев.

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған байқау қорытындысымен 1 орынды Нұрсұлтан Зиядаев иеленді. Оған

500 мың теңге тапсырылды.

2 орын және 300 мың теңге сертификаты Расул Бекмағамбетовке бұйырды.
3 орын мен 200 мың теңге Асхат Тантаевқа табысталды.

Роликтер әлеуметтік желілерде жарияланып, сондай-ақ жергілікті телеарналардан көрсетілетін болады.

ff08e784 8847 4fc7 88ed cad1495f6a40
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз