Жайлы жол, өзен үстіндегі субұрқақ…

snimok 3 Жаңалықтар

Atr.kz/24 шілде, 2020 жыл. Атырау қаласында шаһар шырайын кіргізер көптеген нысандар салынып жатыр. Таяуда олардың бірқатары тұрғындар игілігіне берілмек.

Бұлардың қатарында алдымен облыстық әкімдік үйі алдындағы Бейбарыс алаңында орналасқан субұрқақты атауға болады. Мердігер компания өкілдерінің мәлімдеуінше, қазір мұндағы құрылыс-монтаж жұмыстары мәресіне жақындады. Көп кешікпей, аталған нысан пайдалануға беріліп, атыраулықтар мен қала қонақтары оның игілігін көретін болады. Болашақта бұл мұнайлы астанадағы ең әдемі де көрікті, әрі адамдардың демалып, серуендеуіне жайлы, саясы мол орындардың біріне айналмақ.

Е к і н ш і с і – қ а л а н ы ң Н ұ р с а я ықшамауданындағы Р.Ғабдиев көшесіндегі автокөлік жолын кеңейту жобасы. Бұл нысан бойынша да жоспарланған шаралар кестеге сәйкес жүзеге асырылуда. Соның куәсіндей, қазіргі кезде учаскеде қызу жұмыс қарқын алған. Орталықтан Атырау халықаралық әуежайы бағытына қарай созылып, Әбілхайыр хан мен Бейбарыс даңғылдарын жалғастырып жатқан осы жолдың құрылысы біткен кезде оның бойымен көліктілердің де, жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысына қолайлы болмақ. Өйткені, мұнда жол арнасы кеңейтілумен бірге, автобус аялдамалары мен тротуарлар да қайта салынуда.

Дәулетқали АРУЕВ

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

https://atr.kz/bez-rubriki/zhuregimde-umit-bar-u%d1%8flagan/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз