Қызылқоға ауданындағы балықтардың неден өлгені анықталды (+ВИДЕО)

20181208223835 БЕЙНЕЖАЗБА
https://youtu.be/A-27Aji6cBY

Atr.kz/ 29 наурыз, 2019 жыл. Әлеуметтік желілерде Қызылқоға ауданы, Миялы селосында өлген балықтардың жағаға шығып кеткені туралы бейнежазба жарияланған еді. Сонымен, балық неге қырылды?

Орын алған жағдайға байланысты Қызылқоға ауданының әкімі Арман Баженов түсінік берді.

– Миялы селеосында Ойыл өзенінің Көздіқара сағасында өлген балықтар мұз ерігеннен кейін жағаға шыққан. Бұлар кішкентай мөңке (карась) балықтары. Осыған орай, қазір еріктілер тобы құрылды. Енді жағадағы балықтар жиналып жатыр, – деді ол.

Сонымен қатар, балықтардың өлексесі зертханаларға жіберілмек. Нәтижесі шыққан соң ғана анық-қанығын айтуға болады деп сендірді аудан әкімі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз