Атырауда мұнай ұрлады деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Жаңалықтар

Қазақстан және Ресей азаматтарынан құрылған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың он төрт мүшесі Атырауда мұнай ұрлады деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды «Мой город» жергілікті басылымы.

pogudx5s7p17g9f7n.9e12c6e3

Қылмыстық топ 14-15 сәуірде Атырау облысы бойынша ҰҚК департаменті мен прокуратура бірлесіп жүргізген жедел-іздеу шаралары барысында ұсталыпты.

Құқықбұзушылар жалған құжаттар жасап, алты жүк көлігімен 100 тоннадан астам мұнайды мемлекеттік шекарадан алып өтпек болған.

Аталған деректер бойынша облыстық ҰҚК департаменті сот алды терегу ісін бастады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз